Қазақстан
2 мин оқу 700

Алматыда «Музей түні» акциясы өтеді

<p style="text-align: justify;">Халықаралық музейлер күніне орай 18 мамырда Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты &laquo;Алматы қаласы музейлер бірлестігі&raquo; КМҚК Алматы музейі, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі, С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалды музей кешені, Д. А. Қонаев музейі, Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы, Н. Тілендиевтің мемориалды музейлерінде &laquo;Музей түні &ndash; 2020&raquo; онлайн акциясын өткізеді.</p>

Алматыда «Музей түні» акциясы өтеді

Айта кетерлігі, барлық іс-шаралар музейлердің әлеуметтік желілерінде (Инстаграмм, Фейсбук, сайт) 18.00 – 23.00 уақыт аралығында көрсетіледі.

Акция бағдарламасында:

Алматы музейі

18.00 – Музейдің реставратор маманы, зергер – Нұрлан Бектұрсыновтың орындауында қазақтың зергерлік бұйымдарын жасаудан онлайн шеберлік сағаты

19:00 – Музей экспозициясы бойынша «4 сурет 1 сөз» квест ойыны

21:00 – «Сен Алматы тарихын білесің бе?» тақырыбында онлайн викториналық сұрақтар

Instagram: @almatymuseum

Facebook: Музей Алматы - Алматы музейі

 Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі

19:00 – Онлайн лекциялар (музыкалық археология, сасандо және сансин музыкалық аспаптары жайлы)

20:00 – Қобыз және жетіген аспаптарын жасау бойынша шеберлік сағаттары

21:00 – Дәстүрлі музыкалық концерт

22:00 – Ойындар

23.00 – Марапаттау

Instagram: @ykhlas_museum

Facebook: Халық Музыкалық Аспаптар Музейі

С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалды музей кешені

18.00-19.00 – Онлайн экскурсия. С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені бойынша экскурсиялық шолу (қазақ және орыс тілдерінде)

20.00 – «Он сауал - оң жауап» тақырыбында сұрақ-жауап ойыны

21 .00 – С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің музей кешені туралы видеоролик көрсетіледі

Instagram: muzey_s.g.m

Facebook: Ғабит-Сабит Муканов-Мусрепов

Д. А. Қонаев музейі

18.00 – Д. А. Қонаевтың өмірі мен қызметі жайлы онлайн викториналық сұрақтар

19.00 – Д.А.Қонаев музейінде онлайн экскурсия

21.00 – Деректі фильм көрсетілімі

Instagram: museumkunaev

Facebook: Д.А.Қонаев музейі

Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы

19.00 – «Ғасырлар үні» концерттік бағдарламасы

1

Бөлісу: