Аймақтар
1 мин оқу 150

Шымкент: Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 60 адам тіркелді

<p style="text-align: justify;">ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 60 адамнан COVID-19 вирусы анықталды: олардың 1-уі Атырау облысынан келген, 58-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған және 1-уі ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған. Тиісінше барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған.</p>

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 404 адам анықталды.

Бөлісу:
Шымкент: Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 60 адам тіркелді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар