Қазақстан
1 мин оқу 210

Қазақстандық ғалымдар вакцинаны сынақтан өткізуді бастады

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық ғалымдар COVID-19 вирусына қарсы инактивтендірілген вакцинаны клиникаға дейінгі сынақтан өткізуді бастады. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық ғалымдардың әзірлемесін тіркеуге алды және клиникаға дейінгі сынақтан өткізуге рұқсат берілген кандидаттық вакциналардың тізіміне қосып, өз сайтында жариялады.

Инактивтендірілген вакцинаны ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері әзірледі.

Вакцина Қазақстан аумағында ауырған адамдардан бөлінген вирус штаммының негізінде жасалды.

Бөлісу:
Қазақстандық ғалымдар вакцинаны сынақтан өткізуді бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар