Қоғам
1 мин оқу 163

Гранттар бөлінеді

<p style="text-align: justify;">Волонтер жастарды қолдау мақсатында &laquo;Жас Ұлан&raquo; бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы&raquo; РҚБ, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, &laquo;Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы&raquo; КеАҚ қолдауымен &laquo;Birgemiz: Taza Alem&raquo;, &laquo;Birgemiz: Asyl мura&raquo; жалпыұлттық жобалары шағын гранттар байқауын жария&shy;лады.</p>

Гранттар бөлінеді

Экологияға және тарихи-мә­дени мұраларға қатысты жобаларды іске асыруға мүмкіндік бе­ру, жобаларды іске асыруға аза­маттарды көптеп қатыстыруға негізделген байқау бірнеше ба­ғыт бойынша жүргізіледі.

Археологиялық іздеу жұ­мыс­­­тарын жүргізу, қалпына кел­тіру (реставрация) жұмыс­та­рын жүргізу, тарихи-мәде­ни нысандарда мониторинг жүргізу, тарихи-мәдени орын­дар­ға волонтер-гидтер даярлау, тарихи-мәдени орындарды на­сихаттауға волонтерлерді тарту, материалдық емес мәдени мұ­раны сақтау бойынша жобалар­ға волонтерлерді тарту бо­йын­ша жұмыс жүргізетін жас­тар­дың грантты ұтып алуға мүм­кін­діктері бар.

Грантты 136 жасқа беру жос­­парланған. 23 мамырға дейін жалғасатын байқауда жеке тұлғалар, бастамашыл топтар, үкі­меттік емес ұйымдар бақ сынай алады.

Байқауға волонтерлік қызмет тәжірибесіне азаматтарды тарту үшін тиімді механизм мен жа­ғым­ды жағдай жасау арқылы во­лон­терліктің жүйелі дамуына бағытталған «Birgemiz» Во­лон­тер­ жылын өткізу концепциясына сай жобалар қабылданады.

Бөлісу:
Гранттар бөлінеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар