Футбол
1 мин оқу 200

Төрт нұсқа ұсынылды

<p style="text-align: justify;">Өткен аптада Еуропаға екі айға жуық үзілістен соң ала доп аламаны қайта оралды. Кәрі құрлықта ең бірінші болып ішкі біріншілікті Германия Бундеслигасы бастап берді.</p>

Төрт нұсқа ұсынылды

Ал Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы коронавирус пандемиясына байланысты уақытша тоқтаған ел чемпионатын қайта жалғастыру уақытының төрт нұсқасын қарастырып жатыр. Бірінші нұсқа – 31 мамыр мен 4 қазан, екінші нұсқа – 10 маусым мен 25 қазан, үшінші нұсқа – 20 маусым мен 8 қараша, төртінші нұсқа – 1 шілде мен 22 қараша аралығы. Алдағы уақытта мамандар елдегі індеттің таралу қарқынын бағамдап, осы төрт нұсқаның біріне тоқ­тамақ. Сондай-ақ биылғы біріншілік әдет­тегідей үш емес екі айналыммен шектелетін болды.

Айта кетейік, футболдан биылғы ел біріншілігі 7 наурызда басталып, 16 наурызда коронавирус пандемиясына байланысты тоқтаған-ды. Осы уақыт аралығында командалар екі тур ойнады.

Бөлісу:
Төрт нұсқа ұсынылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар