Руханият
1 мин оқу 1,682

Күміспен күптелген ертоқым

<p style="text-align: justify;">Қарқаралы қаласындағы тари&shy;хи-өлкетану музейіне келу&shy;шілердің көзайымына айналған жәдігердің бірі &ndash; қас шебердің қолынан шыққан ертоқым.</p>

Күміспен күптелген ертоқым

Заманында қымбат дүниенің бірінен саналған бұл бұйымның тарихы тереңде. Ертоқымды 1916 жы­лы он алты жасында ұзатылып ба­ра жатқан қызы Бибісараға арнап әкесі Бегәлі соқтырыпты. Бегәлінің өз әкесі Жұманбай деген кісі Шерубай-Нұра өзенінің бойын жайлаған бай болған. Заманында екі мыңға тарта жылқы айдаған екен.

Ал ертоқымды Бегәлі бай Нұр­қабден Дүйсенқұлов деген шеберге бірнеше қылқұйрықтың құнына жасатқан екен.

Ауыл қарияларының айтуы бо­йын­ша, Бибісара ару өзіне атас­тырған байдың баласын таз деп менсінбеген соң, сөз байласып жүрген жігіті Ір­гебай Жолдин келіп алып қашып ке­тіпті. Кейін екеуі тұрмыс құрып, үй­лі-баранды болған екен.

Аршадан тұтас шабылған ертоқым киізбен қапталып, күміспен апталып, көздің жауын аларлықтай сұлулықта жасалған. Кезінде қымбат асыл тас­тармен көмкерілген екен, кейін онысы қолды болыпты.

«Күміс ерді мұражайға 1976 жылы Бибісара Бегәліқызының Мә­кен есімді қызынан туған Самат Ахметбекұлы деген азамат тапсыр­ған», дейді Қар­қаралы тарихи-өлке­тану музейінің басшысы Назым Әбішева.

Қарағанды облысы,

Қарқаралы ауданы

Бөлісу:
Күміспен күптелген ертоқым · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар