Қоғам
2 мин оқу 400

Топ-менеджерлер жалақысын қысқартты

<p style="text-align: justify;">Бұған дейін дағдарыстың алдын алу үшін &laquo;ҚазМұнайГаз&raquo; ұлттық компаниясы қызметкерлерінің санын қысқартатынын айтқан болатын. Енді оған қоса сыйақы мен бонусты тоқтатып, қызметтік көліктен бас тартпақ. Бұл туралы компанияның Адами ресурстарды басқару жөніндегі басқарушы директоры Дәулетжан Хасанов хабарлады.</p>

Топ-менеджерлер жалақысын қысқартты

Коронавирустық індетке байланысты мұнай өнімдеріне сұраныстың төмендеуі компа­нияның шығынын ұлғайтты. Осыған байланысты, қаржы­лық жағдайды тұрақтандыру және нарықтық конъюнктура­ның теріс әсерін азайту үшін «ҚазМұнайГазда» дағдарысқа қарсы стратегия жасақталуда.

– Бұл стратегия компания­ға шығындарды азайтуға және дағдарыстан кейінгі кезеңде мекеменің тез әрі тиімді дамуы­на мүмкіндік береді. Осы ша­ралардың аясында Директор­лар кеңесінің шешімі негізінде ком­панияның жаңа құрылымы бекітілді. Осыған сәйкес, орталық аппараттың штаттық саны 34 пайызға, яғни 729-дан 480-ге дейін қысқарды. Сонымен қатар орталық аппараттағы департаменттер саны 3 есеге азайып, басқарушы директорлар лауазымы жойылды. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының орталық аппараты нарықта болып жат­қан өзгерістерге тез және тиімді жауап бере алатындай жинақы болып қайта құрылады, – деді Д.Хасанов.

Оның айтуынша, компания­ның бірінші тоқсандағы табысы былтырғымен салыстырғанда 3 есеге қысқарған. Тіпті, әлемдік нарықта мұнай бағасының күрт құлдырауы салдарынан кейбір еншілес кәсіпорындар қаржы тапшылығына тап болған.

Баспасөз мәслихаты барысында 12 мамырда бас­қар­ма шешімімен орталық аппа­рат­тың жаңа жалақы төлеу жү­йесі бекітілгені айтылды. Ол жүйе бойынша «ҚазМұнайГаз» бас­шы­лық құрамының жалақысы 30 пайызға азаяды, ал басшылық қызметтер санының қысқаруына байланысты төменгі лауазымға тағайындалатын орта буын­дағы менеджерлердің жалақылары 20 пайызға дейін төмендейді. Басқа қатардағы қызметкерлер­дің жал­­ақысы бұрынғы деңгейде сақ­­талады. Сондай-ақ ком­па­нияның қаржылық жағдайына байланысты жыл соңына дейін ешқандай сыйақы немесе бонус­тар төленбейді.

– Мұнай нарығындағы қалып­тасқан жағдай қаншалықты қиын болса да, біз әрбір қызмет­кердің, олардың отбасылары­ның алдындағы әлеуметтік жауап­кершілігімізді толық сезінеміз. Сондықтан  «Самұрық Қазына» қорының тапсырмасы бойынша әлеуметтік-жауапкершілікті босату бағдарламасын әзірледік. Осы бағдарламаға сәйкес боса­тылған қызметкерлерге барынша қолдау көрсетеміз, – деді спикер.

Айта кетейік, компенсациялық төлем жиынтығы 3 айлық жалақы мөлшеріндегі біржолғы төлем­ді, табысынан айырылғандарға өтемақы ретінде 6 ай бойы қар­жылық қолдауды және келер жылдың ақпан айына дейін компания есебінен медициналық сақтандыру қызметтерін пайдалану құқығын қамтиды.

Бөлісу:
Топ-менеджерлер жалақысын қысқартты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар