Аймақтар
1 мин оқу 461
Атырау облысында екі «Газель» соқтығысып, бір адам көз жұмды
<p style="text-align: justify;">Бір адамның тағдыры үзілген көлік апаты Атырау-Индер бағытындағы күре жолдың бойында таңғы сағат 5:30 шамасында болған. Махамбет ауданындағы Еңбекші ауылының тұсында 2 «ГАЗель» көлігі соқтығысып қалды. Соның салдарынан оқиға орнында бір адам көз жұмды. </p>

Сондай-ақ Индер ауданының орталығы – Индербор кентінде «ГАЗель» көлігі отқа оранды.
– Өрт автокөліктің қозғалтқыш бөлігіндегі электр желісінің қысқа тұйықталуынан орын алғаны анықталды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер дереу жетіп, өрт жедел сөндірілді. Зардап шеккендер мен жазым болғандар жоқ», - деді Индер аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің бастығы Бағдат Абдуллин.
Өртенген көлік жарамсыз болып қалды.
Бөлісу: