Аймақтар
1 мин оқу 370

Қызылорда: Қарақұйрық атқан браконьер ұсталды

<p style="text-align: justify;">18 мамыр күні Шиелі аудандық Табиғат қорғау полициясы қызметкерлері мен &laquo;Охотзоопром&raquo; РМҚК өкілдерінен жасақталған рейдтік топ Шиелі ауданы аумағында күдік тудырған &laquo;ВАЗ&raquo; маркалы автокөлігін тоқтады. Көлікті тексеру барысында қапқа салынған қарақұйрықтың денесі, 16-калибрлі аңшы мылтығы заттай дәлелдеме ретінде алынды.</p>

Қызылорда: Қарақұйрық атқан браконьер ұсталды

Осы қылмысқа қатысы бар күдікті 40 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Қазір осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Қызылорда: Қарақұйрық атқан браконьер ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар