Аймақтар
1 мин оқу 510

Қостанайда ауыл балаларына арналған демалыс лагері ашылады

<p style="text-align: justify;">Қостанай облысында биыл Тұңғыш Президент Қорының &laquo;Ел үміті&raquo; &nbsp;бастамасын жүзеге асыру мақсатында ауылда өсіп жатқан дарынды балаларға арналған &laquo;Дарын&raquo; жазғы демалыс орны ашылмақ. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен өткен селекторлық кеңесте айтылды.</p>

Қостанайда ауыл балаларына арналған демалыс лагері ашылады

Соңғы екі жыл ішінде аймақ мектептерінде жергілікті меценаттардың қолдауымен жалпы сомасы 325,4 млн теңгеге 30 робототехника кабинеті және 65 IT-сыныбы ашылған. Ендігі мақсат  - осы сыныптардың толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып, баланың дамуы мен білім сапасына тигізетін тиімділігін арттыру.

Білім саласының басшылары бұл үшін жазғы демалыс кезінде бірыңғай танымдық-сауықтыру бағдарламасы бойынша  жұмыс істейтін  «Дарын» лагерінде ауылда оқитын жоғары қабілетке ие балалардың басын қосуды көздеп отыр. Тәжірибелі IT-мамандар жұмыс істейтін лагерде балалар белсенді демалыс шараларымен қатар, ғылыми технологияға қатысты қызықты сабақтар мен ойын-жаттығуларға қатысады.

- «Дарын» лагерінен тыс, жазғы демалыс уақытында балалардың робототехника мен IT саласындағы білімін қашықтан дамыту жоспарланып отыр. Оқушылар бейнероликтер, буктрейлерлер, вайналар, виртуалды экспедиция, экскурсия, саяхат жасап, интерактивті мектептердегі мастер-кластар мен қойылымдарға, жазғы онлайн-лагерлерге қатысатын болады, - деді білім басқармасының басшысы Василий Цымбалюк.

Қостанай облысы

Бөлісу:
Қостанайда ауыл балаларына арналған демалыс лагері ашылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар