Аймақтар
1 мин оқу 165

Тараздық арулар 10 мың бетперде таратты

<p style="text-align: justify;">Әлемді әбігерге салған коронавирус індетінің алдын алу мақсатында еліміздің әрбір өңірінде тиісті шаруалар қолға алынып, бірқатар шаралар қабылданған болатын.</p>

Тараздық арулар 10 мың бетперде таратты

Қарапайым халықты қауіпті ін­деттен құтқару, оларды қолдау мақ­сатында көпшілік қолдан келген кө­мектерін де ұйымдастырған еді. Тіпті жомарт жандардың қол­дауымен карантин кезінде көпші­лікке азық-түлік таратылып, тұр­ғындар қажетті тауарлармен де қамтылуда. Мұның бәрі де халқы­мыздың қайырымдылық қағидат­тарына берік, көмек қолын созуға бейім екенін көрсетеді.

Көпшілікті коронавирус інде­тінен қорғау жұмысына тараздық қыз-келіншектер де өзіндік үлесін қосқан болатын. Тараздық 30 қыз-келін­шек медициналық маска тігуге тегін атсалысып, нәтижесінде олар 10 мыңға жуық бетперде тіккен. Олар қала тұрғындарына тегін таратылып берілген еді. Бұл сы­нақ та халқымыздың әрдайым бір­лікте екенін көрсетті. Қыз-келін­шек­тердің бұл бастамасын көне ша­һар тұрғындары да қуана қол­да­ған болатын. Еңбек ескеріліп, Тараз қала­сының әкімі Айтқазы Қара­ба­­лаев қаланың қоғамдық өміріне бел­сене араласып, төтенше жағдай ке­зін­де тегін медициналық маска тігу­ге атсалысқан аруларға алғыс біл­дірді. Әкімнің Алғыс хатын қала­лық ішкі саясат бөлімінің басшы­сы Ұлана Сламбекова әрбір қыз-келін­шектің үйіне барып, табыстады. Ал тараздық нәзік жандылар қала әкіміне ризашылығын білдіре келіп, осындай қиын кезеңде көпшілікке қолдан келген көмегін беру әрбір азаматтың борышы екенін жеткізді.

Жамбыл облысы

Бөлісу:
Тараздық арулар 10 мың бетперде таратты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар