Саясат
2 мин оқу 370

Халық пікірін ескеретін тиімді жоба ұсынылды

<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік қызмет істері агенттігі әрбір азаматқа мемлекеттік қызметтерді жетілдіруге және қолжетімді цифрлы мемлекетті құруға өз үлесін қосуға мүмкіндік беретін &laquo;Тыңдау&raquo; бірегей жобасын іске қосты.</p>

Халық пікірін ескеретін тиімді жоба ұсынылды

Мемлекет басшысы өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді әрекет етуге бағытталуы тиіс еке­нін атап өтті. Бұл ретте, Пре­зидент мемлекеттік аппарат қызметіндегі проблема­лар көбінесе азаматтар мен жер­гілікті жерлердегі мемлекеттік қызметкерлер арасындағы кері байланыстың болмауына байланысты екендігіне назар аударды.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл барынша ашық және есепті мемлекетті қалыптастыру. Сондықтан мемлекеттік аппарат әр сала бойынша бірінші кезекте халықтың пікірін ескеруі тиіс.

«Тыңдау» жобасы ерікті-қолданушылар пікірі аясында құрылған. Жобаға қатысу үшін электронды қызметті алу талап етіледі және барлы­ғын tyndau.kz сайтындағы онлайн-анкетада белгілей отырып, оның әрбір қадамын бағалау қажет. Агенттік тек мемлекеттік қыз­мет­терге ша­ғым жинамайды. Біз­дің не­гізгі мақсатымыз – проб­лема­ларды анықтап, тиімді кері байланыс орнату. Біз жинақ­талған мәсе­лелер базасына талдау жасап және мемле­кеттік ор­ган­дарға қажетсіз қадам­дарды жою, халықтың мем­лекеттік қызметтерді алу про­цестерін жеңілдету бойынша нақты ұсыныстар беретін боламыз.

Өткен аптада біз «Тыңдау» жобасын іске қосып және пробациялау мақсатында екі қызметті таңдап алдық. Олар – паспорт пен жеке куәлікті алу қызметі. Қазіргі уақытта осы бағыт бойынша азаматтар­дан ұсыныстар жинау жал­ғасуда.

Бүгін осы жоба аясында ерік­тілердің ішінен алғашқы фо­кус-топ құрылды және ұсы­ныстар жинау жүргізілуде. Мысалы, «Электрондық үкі­мет» порталында жұмыс процестерін жақсарту бо­йынша автоматты түрде теру және тек ЖСН-ны терген кезде азаматтың деректерін (аты-жөні, туған жылы мен жері) тартуға қол жеткізетін жасанды интеллект негізінде арнайы қосымшалар, жүктелетін ска­нер­ленген құжаттар мен фото­суреттерді (3х4) жүйе­ге қа­жетті форматтарға авто­мат­ты түрде келтіру үшін түрлен­діруге арналған кө­мек­ші қо­сымшалар бойынша ұсыныстар әзірленді.

Сондай-ақ автомат­тан­ды­рылған қызметтердің жұ­мысқа қабілеттілігін тесті­леу, ЭЦҚ немесе бір рет қол­данылатын пароль көме­гі­мен авторизациялау неме­се қол қою кезінде туындай­тын ақауларды анықтау жүр­гі­зіледі.

Фокус-топтың қаты­сушы­лары ұсыныстарын «Элек­трондық үкімет» порта­лын­дағы, мобильдік нұсқасы мен телеграм-боттағы жұмыстың бейнежазбалары мен жұмыс беттерінің скриндері түрінде енгізіледі.

Алдағы уақытта элек­трон­дық қызметтер бойынша тиісті материалдардың жиналуына қарай азаматтардың ұсыныстары мүдделі органдармен бірлесіп, көрсетілетін қызметті алушыларды ха­бардар ете отырып, пысық­талатын болады. Біз жақын уақытта «Тыңдау» халықтың пікірін ескеретін тиімді жоба болады деп үміттенеміз.

Анар ЖАЙЫЛҒАНОВА,

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы

Бөлісу:
Халық пікірін ескеретін тиімді жоба ұсынылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар