Аймақтар
1 мин оқу 350

Шымкентте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 50 адам анықталды

<p style="text-align: justify;">19 мамырдағы мәлімет бойынша Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 50 адам тіркелді.</p>

Шымкентте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 50 адам анықталды

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша Шымкент қаласының  50 тұрғынынан  COVID-19 диагнозы нақтыланды: Оның 24-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 5-і ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, Ал, қалған 21-інен вирус  скрининг нәтижесінде анықталған. Тиісінше барлық науқас  инфекциялық стационарға жатқызылған.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

19.05.20 жылы Шымкент қаласы  бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 485 адамға жетті.

Шымкент 

Бөлісу:
Шымкентте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 50 адам анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар