Жаңалықтар
1 мин оқу 260

Оңтүстік кәсіпкерлері үшін Ресейден сауда орталығы салынады

27 09-LogustukaОңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлері үшін Ресейдің Мәскеу облысынан сауда-логистика орталығы салынатын болды. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлады.

Биыл оңтүстіктердің бақша өнімі Мәскеу облысының жәрмеңкесінде сатылған болатын. Сонда жергілікті тұрғындар жеміс пен қауын-қарбыздың дәмділігіне тәнті болыпты. Әрине, осы өңірге басқа да аймақтардан бақша дақылдары тасымалданады. Дегенмен, жергілікті билік Оңтүстік Қазақстан облысынан келген өнімдердің сапасына жоғары баға беріп отыр. «Қазақстанның Оңтүстік Қазақстан облысынан жеткізілген бақша дақылдары тұрғындарымыздың сұранысын қанағаттандырды. Сондықтан біз сол жергілікті жердің кәсіпкерлері үшін өзімізден сауда-логистика орталығын салуды ұйғардық», - дейді Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьев.

Данияр Түймебай.

Бөлісу:
Оңтүстік кәсіпкерлері үшін Ресейден сауда орталығы салынады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар