Коронавирус
1 мин оқу 153

Covid-19 симптомдарымен медициналық көмекке жүгінетіндер саны 40% - ға өсті

<p>Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова&nbsp;коронавирус індетінің симптомдарымен медициналық көмекке жүгінетін адамдар саны артқанын айтты.</p>

«Соңғы уақытта коронавирустық инфекция симптомдарымен медициналық көмекке жүгінетін адамдар саны артты. Мұндай адамдардың саны өткен аптада 40% - ға өсті. Алдыңғы аптамен салыстырғанда 15 пайыздан 17,5 пайызға дейін өсім байқалады», деді Айжан Есмағамбетова.

Оның айтуынша, коронавирустық инфекция симптомдарымен медициналық көмекке жүгінетіндер Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Ақтөбе, Қостанай облыстарының тұрғындары.

Бөлісу:
Covid-19 симптомдарымен медициналық көмекке жүгінетіндер саны 40% - ға өсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар