Білім
1 мин оқу 3,450
Жаңа оқу жылында мектептер қандай форматта оқытады?
<p style="text-align: justify;">Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн өткен баспасөз мәслихатында жаңа оқу жылы қандай форматта басталуы мүмкін екенін айтты.</p>
«Қашықтан оқыту уақыт талабы екенін түсінеміз. Бұл тақырып үйде білім алатын балаларға, сондай-ақ қыста ауылдық елді мекендерде жол ашылмағанда оқудан қалған балаларға қатысты. Осы орайда түрлі жағдай болып жатады. Сәйкесінше, бұл жағдайларда заманауи технологияларды көмегі тиіп, білім беру процесіне қолдау жасалады. Алайда бұл 1 қыркүйектен қашықтан оқуға көшіруді білдірмейді», - деді Асхат Аймағамбетов.
Министрдің айтуынша, педагогтар, министрлік, ата-аналар мен оқушылардың өздері дәстүрлі форматта оқыту тиімді әрі ыңғайлы екенін түсініп отыр.
Бөлісу: