Білім
1 мин оқу 363

ҰБТ кезінде аудиториядағы адамдар саны барынша қысқартылады - министр

<p style="text-align: justify;">Биыл&nbsp;ҰБТ тапсыру кезінде арақашықтықты сақтау мақсатында аудиториядағы адамдар саны барынша қысқартылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.</p>

«Ұлттық бірыңғай тестілеу белгіленген мерзімде, маусымның соңы мен шілденің басы аралығында өтеді деп жоспарлануда. Қазір дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Алдағы аптаның сейсенбісінде өтетін аппарат кеңесінде ҰБТ-ға дайындық тақырыбын талқылаймыз. ҰБТ-ны өткізу кезінде санитарлық талаптар мен санитарлық-эпидемиологиялық шараларды күшейтуге  назар аударылады. Арақашықтықты сақтау мақсатында ҰБТ тапсыру кезінде аудиториядағы адамдар саны барынша қысқартылады», - деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, ҰБТ кезінде маска, респираторлар тағу міндеттеледі. Сонымен қатар, аудиторияны желдету жұмыстары іске асырылады.

Бөлісу:
ҰБТ кезінде аудиториядағы адамдар саны барынша қысқартылады - министр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар