Әлем
1 мин оқу 156

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 5 миллионнан асты

<p style="text-align: justify;">&laquo;Worldometers&raquo; (Нью-Йорк) ақпарат көзінің соңғы мәліметіне қарағанда әлем бойынша коронавирус індетін жұқтырғандар саны 5 миллионнан асып, 5&nbsp;088&nbsp;473 адамға жетіпті. Бұлардың 6 пайызы, яғни 329&nbsp;772 адам дерт салдарынан көз жұмған.</p>

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 5 миллионнан асты

Індетке жұқтырудан АҚШ көш бастап тұр. Әлем бойынша дерт жұқтырған адамдардың үштен бірі осы елдің үлесінде. «The New York Times»  газетінің жазуына қарағанда, АҚШ-та 1 591 991 адам дерт жұқтырса, бұлардың 6 пайызы, яғни 94 994 адам қайтыс болған екен.

АҚШ-тан кейінгі індет ошағы ретінде Ресей тіркелген. Мұнда 308 705 адам ауру жұқтырса, 0.96 пайызы, яғни 2972 адам көз жұмған. Келесі індет ошағы – Бразилия. Бұл елде 293 357 жағдай тіркеліп, 18 894 адам шығыны болыпты.  

Бөлісу:
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 5 миллионнан асты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар