Қоғам
1 мин оқу 290

Курсанттар оқ атуға машықтанды

<p style="text-align: justify;">Алматыда Құрлық әскерлері Әскери институтының төртінші курс курсанттары танктен штаттық артиллериялық оқ ату жаттығуларын орындады. Сабақ институттың оқу орталығы базасында өтті.</p>

Курсанттар оқ атуға машықтанды

«Мен үшін бұл маңызды  шара болып табылады. Себебі мұндай сабақ­тардың нәтижесі бойынша жауын­герлік білімді бағалауға болады. Штаттық снарядпен оқ атқан адамды толық­тай танкист деп атауға болады деп бекер айтпайды ғой», дейді төртін­ші курс курсанты Дәуітбай Заман­бек.

Танктен штаттық артилле­рия­лық оқ ату жаттығулары курсант­тардың жи­наған теория­лық бі­лім­дерінің са­па­­сын ғана емес, кур­санттардың ағым­­дағы және б­ітіру емтихандары қар­­саңында даярлығының жалпы дең­гейін тексеруге мүмкіндік берді. Қойылған мін­деттерді бар­лығы дерлік орын­дал­ды. Курсанттар штат­тық оқ ату­ды «жақсы» деген бағаға тап­сыр­­ды.

«Штаттық оқ ату барысында курсанттар  мақсатты бар­­лау­ға кіріспе мен оққа қатысты міндеттерді шешу бойынша өз білімдерін көр­сетті. Штат­тық ату­дың нәти­же­лері кур­сант­тардың нысана жағдайының әртүрлі нұсқа­лары бойынша жұмыс іс­теуге бейімделгенін көрсетеді. Соны­мен қатар осындай атыс­тарды өткізу курсанттар үшін өзіндік пси­хологиялық кемелдену емтиханы болады», дейді әскери институттың ату дайын­дығы кафедрасы бастығының орын­басары подполковник Асқар Майлыбаев.

Ату даярлығы Құрлық әс­кер­лері Әскери институты кур­сант­тары­ның  жауынгерлік даярлық пен дала­лық машықты жетілдірудегі негізгі пәндер­дің бірі болып табылады. Ол әске­­ри қызметшілерді кез келген қашық­тан жылдам қар­қы­нмен оқты дәл тигізуге үй­ретеді. Жоғары атыс шеберлігі кур­санттардың кәсі­би даярлығы мен бөлімшелердің жауын­герлік үйлесімділігі кезінде жетіл­діріле түседі.

Бөлісу:
Курсанттар оқ атуға машықтанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар