Спорт
1 мин оқу 170

Келісімшартын ұзартты

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын елорданың &laquo;Барыс&raquo; клубы үш спортшымен келісімшартын ұзартты.</p>

Келісімшартын ұзартты

2016 жылдан бері «Барыс» сапында ойнап келген қорғаушы Егор Шалапов елорда командасында тағы екі жыл өнер көрсететін болды. ҚХЛ-дің өткен маусы­мында 60 ойынға қатысқан Шалапов бір шайба соғып, 10 рет нәтижелі пас асыр­ған. Сонымен қатар қақпашы Хенрик Карлссонмен біржақты келісім жасалды. Хенрик 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін «Барыс» қақпасын қорғайды.

Ал 2017/18 және 2018/19 жылғы маусымда «Барыс» құрамында ойнаған шабуыл­шы Мэтт Фрэттин клубқа қайта оралды. Ол да 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін елордалықтар қатарында болмақ.

Бөлісу:
Келісімшартын ұзартты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар