Аймақтар
1 мин оқу 263

10 жасар бала компьютер клубынан табылды

<p style="text-align: justify;">Баланың ата-анасымен әңгімелесу өткізіліп, мекеме әкімшілігі жауапқа тартылды деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.</p>

10 жасар бала компьютер клубынан табылды

Елорданың ювеналды полицейлері еріктілермен бірге қоғамдық орындарда түнгі уақытта балалардың заңды өкілдерінсіз жүруін анықтауда. Рейдтер кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мен ескерту, кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдерінің жауапкершілігін арттыру мақсатында жүргізілуде.

«Есіл ауданының ювеналды полиция қызметкерлері мамыр айының 18-ші жұлдызында түнгі сағат 03.00 шамасында елордалық компьютер клубының бірінен 10 жасар баланы анықтаған. Аталған факті бойынша, баланың ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Сонымен қатар компьютер клубының әкімшісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тыйым салынғанына қарамастан, жұмысын тоқтатпаған клуб иесіне қатысты материалдар аудан прокуратурасы мен әкімдігіне жіберілді.

Бөлісу:
10 жасар бала компьютер клубынан табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар