Елорда
1 мин оқу 144

Елордадағы балабақшалар 1 маусымнан қалыпты жұмысын бастайды

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы&nbsp;Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының басшысы&nbsp;Шолпан Қадырова мәлімдеді.<br /><br /><br /></p>

Елордадағы балабақшалар 1 маусымнан қалыпты жұмысын бастайды

«2020 жылдың 18 мамырынан бастап мектепке дейінгі ұйымдар меншік түріне қарамастан «кезекші топ» режимінде, бірінші кезекте, баланы үйде қалдыруға мүмкіндігі жоқ ата-аналар үшін және ата-аналардың қалауы бойынша күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, өз жұмысын қайта бастады. Мектепке дейінгі ұйымдарға дайындыққа қатысатын балалар 1 тамызға дейін балабақшаларға барады», - деді білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова.

Шолпан Қадырова 1 маусымнан бастап барлық балабақша мен қосымша білім беру ұйымдарының жұмысын штаттық режимде бастау жоспарланып отырғанын айтты.

Бөлісу:
Елордадағы балабақшалар 1 маусымнан қалыпты жұмысын бастайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар