Аймақтар
1 мин оқу 324

Жомарттық жүрек жылытады

<p style="text-align: justify;">Халықтық асыл қасиеттеріміздің бірі &ndash; жомарттық. Бүгінгідей күрделі кезеңде аталған қозғалыстың ауқымы да кеңейе түскені ғанибет.</p>

Жомарттық жүрек жылытады

Жуырда «KazBeefLTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымы өздерінің жалпы жиналысында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, тұрғындардың әлеуметтік тұрғыда осал топтарына қайырымдылық көмек көрсету мақсатында 2 миллион 730 мың теңге қаржы бөлді. Ауданның 47 елді мекеніндегі 195 тұрғынға азық-түлік себеттері мен шаруашылық заттарын айрықша құрметпен үлестіріп берген. Ал Олжас Қияқбаев басқаратын «Семізбай-U» ЖШС кеншілері де ауыл тұрғындарына осындай сый-сияпат жасап, ризашылықтарын алып отыр.

Халқымыз «Жомарттық – жүрек жылытады» дейді. Ақ алғыстың астарында көп қайтарым бар. Еліміз осылайша көркейе түспек!

Ақмола облысы

Бөлісу:
Жомарттық жүрек жылытады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар