Аймақтар
1 мин оқу 773
Шымкент жастары рәміздер күніне орай челлендж жолдады
<p style="text-align: justify;">4 маусым - мемлекеттік рәміздер күніне орай Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығы «Көк тудың желбірегені» атты видео-challenge жолдады.</p>

Аталған орталық бұл челлендж арқылы ел тұрғындарының Отанымызға деген махаббатын көрсетіп, рәміздер мәртебесін тағы бір арттыруын қалайды.
Челленджге қатысушылар қазақ эстрадасының әншісі Ибрагим Ескендірдің орындауындағы «Көк тудың желбірегені» әнін орындап, #көктудыңжелбірегені2020 хэштегі мен @resurstyq_ortalyq деп белгілеп, әлеуметтік желіге видео жүктеуі қажет.
Бөлісу: