Коронавирус
1 мин оқу 180
Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 31 адам тіркелді
<p style="text-align: justify;">ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 21 мамыр күні қала аумағында 31 тұрғынынан COVID-19 диагнозы нақтыланды. </p>

14-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, бесеуі ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, 12-сі скрининг нәтижесінде анықталған. Тиісінше барлығы инфекциялық стационарға жатқызылған. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Өткен тәуліктегі жағдай бойынша қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 539 адам анықталды.
Бөлісу: