Шымкентте карантин режимін сақтамаған 4 автопаркке ескерту берілді
<p style="text-align: justify;">Карантин режимін бақылау үшін Абай ауданы бойынша жергілікті полиция қызметі, әкімдік мамандары, көрсетілетін қызметтер мен тауарлардың сапасын бақылау басқармасы мамандары, Шымкент әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы қызметкерлерімен бірге жұмысшы топ құрылған.</p>
Бүгінгі таңда аудан аумағындағы жұмыс істеп тұрған 132 кәсіпкерлік нысанды жауапты мамандар аралап, олардың 37-не ескерту беріліп, түсініктемелері алынды.
Құрылған жұмысшы топ 4 кіші топқа бөлінген, ауданның төрт бағытында жұмыс атқаруда. Жұмысшы топтың бір бөлігі 38 қоғамдық көлікті аралап, анықталған кемшіліктер бойынша 4 автопарк, яғни «Ман Оңтүстік», «Санжар Моторс», «Сигма», «Шымкент Bus» басшыларына ескерту берілді.
Карантиндік шараларды сақтау бағытындағы жұмыстар күнделікті жалғасады.