Қостанай облысының бірнеше елді мекенінде дәрігерлер жаңа көлікке мінді
<p style="text-align: justify;">Соңғы 3-4 жыл ішінде Қостанай облысында 1 млрд теңгеге жуық қаржыға 40-тан астам санитарлық автокөлік және 20-ға жуық реанимобиль сатып алынған. Аймақта медициналық мекемелердің техникалық паркін жаңарту әлі де жалғасуда. Мәселен, бүгін ғана Қостанай аудандық ауруханасына 5 бірдей жаңа көлік берілді.</p>

«УАЗ» маркалы жаңа автокөлік кілттері Тобыл қаласының жедел жәрдем станциясына және Надеждинка, Озерный ауылдық ауруханасына тапсырылды.
Көлік кілттерін автокөлік жүргізушілеріне аудандық аурухананың бас дәрігері Сырлыбек Мещанов табыс етті.
- Бұл машиналар науқас тасымалдауға арналған. Жолай сырқаттың жағдайына мониторинг жасауға мүмкіндік бар. Автокөліктер GPS-навигаторлармен жабдықталған. Облыста қазір медициналық технологияларды, жедел санитарлық көмекті дамытуға ерекше көңіл бөлінген, - деді бас дәрігер.
Қостанай облысы