Коронавирус
1 мин оқу 131
Шымкентте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 34 адам анықталды
<div style="text-align: justify;">ПТР диагностикалық зерттеу нәтижесі бойынша 22 мамыр күні Шымкентте 34 тұрғыннан COVID-19 диагнозы нақтыланды. Оның 19-ы вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болса, екеуі ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған. 12-сі скрининг нәтижесінде анықталған. Біреуі халықаралық жүк тасымалының жүргізушісі. Тиісінше барлығы инфекциялық стационарға жатқызылған.</div>

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
22 мамыр күні қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 573 адамдардың жалпы саны 573-ке жетті.
Бөлісу: