Аймақтар
1 мин оқу 440
Қарағанды облысы: 90 адамнан COVID-19 белгісі табылды
<p style="text-align: justify;">Қарағанды облысында өткен тәулік ішінде 90 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны зерханалық негізде расталды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.</p>

Пациенттердің ішінде 60 адам бұрын жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған екен. Ал 24 адамның індет жұқтырғаны КВИ-ге скрининг жасау нәтижесінде анықталды.
Науқастардың барлығы инфекциялық стационарларға жатқызылды.
Қазіргі уақытта олардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Жұқтыру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Қарағанды облысында 23 мамырдағы жағдай бойынша COVID-19 пандемиясын жұқтырудың 562 оқиғасы тіркелген. Оның ішінде үш науқас індеттен көз жұмды және 190 адам жазылып шықты.
Бөлісу: