Аймақтар
1 мин оқу 1,272

Түркияның бас консулы Атыраудағы дәрігерлерге алғыс білдірді

<p style="text-align: justify;">Атырауда қауіпті індетке шалдыққандар арасында шетелдік азаматтар да бар. Соның бірі &ndash; Түркия &nbsp;&nbsp;Республикасының азаматы Хаджы Чағлар.</p>

Түркияның бас консулы Атыраудағы  дәрігерлерге алғыс білдірді

Ол Теңіз кенішінде жұмыс істеп жүріп, коронавирус инфекциясын жұқтырып алыпты. Қазір емделіп жатыр. Осыған орай Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы бас консулы Мұзаффер Ақйылдырым  №2 облыстық ауруханасының директорына алғыс хат жолдапты.

– Атырау облысының Теңіз кенішінде жұмыс істеген Түркия Республикасының азаматы Хаджы Чағлардың  №2 облыстық ауруханада емделуіне көңіл бөлгені  үшін инфекциялық бөлімнің дәрігерлеріне, медбикелеріне, барша медицина саласының қызметкерлеріне шын көңілден ризашылық білдіреміз, - депті Түркияның бас консулы алғыс хатында.

Сондай-ақ бас консул Денсаулық сақтау министрлігіне де ризашылығын білдіріп отыр.

– COVID-19 індетімен күресте Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығына және Қазақстан халқына табандылық пен жетістіктер тілеймін, - дейді  Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы бас консулы Мұзаффер Ақйылдырым.

Бөлісу:
Түркияның бас консулы Атыраудағы дәрігерлерге алғыс білдірді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар