Қоғам
1 мин оқу 143

Елжан Біртанов Ораза айт мерекесімен құттықтады

<p style="text-align: justify;">Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады.</p>

- Мұсылман қауымы үшін ең ұлық мейрамдардың бірі - қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын! Отыз күн ораза ұстаған жандар бүгін бір-біріне жақсы сөз арнап, бір-бірінің амандығын тілеуде. Мен де баршаңыздың отбасыңызға бақ пен береке дарысын деймін.
Биыл Рамазан айында бүкіл әлемді жайлаған коронавирус инфекциясымен арпалысуға тура келді. Алайда, халқымыздың бойындағы сабыр мен төзім деген қасиеттердің арқасында және дәрігерлердің көмегімен бұл қиындықты да жеңетінімізге сенемін.
Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын! Айттан айтқа аман-есен жетейік. Әр шаңыраққа шаттық пен зор денсаулық тіледім! - делінген құттықтауда.
Бөлісу:
Елжан Біртанов Ораза айт мерекесімен құттықтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар