Футбол
1 мин оқу 420

Ла Лига 8 маусымда басталады

<p style="text-align: justify;">Коронавирус пандемиясына бай&shy;ланыс&shy;ты уақытша тоқтатылған футболдан Испания біріншілігі 8 маусымнан бас&shy;тап қайта жалғасатын болды. Бұл тура&shy;лы Испанияның премьер-министрі мәлімдеді.</p>

Ла Лига 8 маусымда басталады

Педро Санчес жергілікті БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Испания карантин талаптарын жоғары деңгейде сақтағанын, соның арқасында келесі айдан бастап тіршілік қайта жанданатынын хабарлады. Сондай-ақ 8 маусымнан бастап ел біріншілігін өткізуіне рұқсат берілгенін де жанкүйер қауым­ға жеткізді.

Ла Лига ойындары індетке байланыс­ты уақытша тоқтатылғанға дейін турнир кестесінде «Барселона» клубы 58 ұпаймен көш басында келеді. Каталония командасынан екі ұпай қалып келе жатқан «Реал» екінші орында. Ал үздік үштікті 47 ұпаймен «Севилья» қорытындылап тұр. Командалар бүгінге дейін 27 тур өткізген.

Бөлісу:
Ла Лига 8 маусымда басталады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар