Қазақстан
1 мин оқу 510

25 мамыр: Бүгін еліміздің 12 өңірінде аптап ыстық болады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК 25 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.</p>

25 мамыр: Бүгін еліміздің 12 өңірінде аптап ыстық болады

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с күшейеді. 

Ақтөбе облысының кей жерлерінде күн күркірейді, дауыл, күндіз желдің екпіні –18 м/с. 

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл созуы мүмкін, желдің екпіні 15-20 м/с, ал Жамбыл, Түркістан облыстарында жылдамдығы 23 м/с жетеді. 

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Ақмола, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағаңды облыстарында, Атырау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
25 мамыр: Бүгін еліміздің 12 өңірінде аптап ыстық болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар