Аймақтар
1 мин оқу 342

Маусым ашылмаса да Жайыққа шомылып жүргендер көп

<p style="text-align: justify;">Әлі жаз мезгілі бастала қойған жоқ. Жайыққа шомылуға &nbsp;ерте, оның үстіне өзен суы салқын.&nbsp; Бірақ...Атыраулық жасөспірімдер бұған мән бермейтін секілді. Тіпті, ата-аналары балаларының қайда, не істеп жүргенінен бейхабар болып шықты. Бұл кеше полиция &nbsp;қызметкерлері &nbsp;Жайық өзеніне шомылып жүрген он жасөспірімді анықтаған кезде аңғарылды.</p>

Маусым ашылмаса да Жайыққа шомылып жүргендер көп

– Полиция қызметкерлері түс кезінде Атырау қаласындағы Каспий ықшам ауданы  мен Тұрғындар қалашығы-Авангард шағынаудандары арасында салынған жаяу көпірдің тұсында серуендеп, Жайық өзеніне суға шомылып жүрген онға жуық жасөспірімді  анықтады. Балаларының өзен жағалап, қауіпті жайтты ескерместен, суға түсіп жүргенінен бейхабар ата-аналар қалалық полиция басқармасына шақыртылды. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 364-бабымен (Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу) хаттамалар толтырылды,- деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Маусым ашылмаса да Жайыққа шомылып жүргендер көп · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар