Экономика
1 мин оқу 170

Шағын компаниялардың қатары көбейіп келеді

<p style="text-align: justify;">Олардың ішкі нарықтығы белсенділігі коронадағдарысқа дейінгі &nbsp;қаңтар, ақпан айындағы көрсеткіштерге жақындап қалды. Тіркелген заңды тұлғалардың 98%-дан астамы шағын компаниялардың үлесінде болып шықты. Олардың саны 2020 жылдың сәуір айының соңында 442,2 мың болды. Мұндай деректерді&nbsp; rating.kz&nbsp;жариялады.</p>

Шағын компаниялардың қатары көбейіп келеді

Бір жыл ішінде жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындар саны 8,4% артып, 307,7 мыңға жетті. Оның ішінде жұмысын тоқтатпағандардың саны –161 мың, бір жылдағы өсім - 1,6%.

Шағын компаниялардың төрттен бір бөлігі сауда және автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу саласында жұмыс істейді: Сәуір айындағы дерек бойынша олардың саны – 38,2 мың. Бұл өткен айдың  осы кезеңімен салыстырғанда 1,1% және өткен жылмен салыстырғанда 1,4% көп.

Сондай-ақ білім беру саласы (15,6 мың компания) және құрылыс (15,2 мың) саласындағы шағын кәсіпорындар маңызды салалардың қатарына жатады.

Барлық жұмысын тоқтатпаған бизнес субьектілерінің 40%-дан астамы екі астананың - Алматы (38,9 мың) және Нұр-Сұлтан (26,5 мың) қалаларында орналасқан.

Қарағанды ​​облысында 10,2 мың компания жұмысын жалғастырып жатыр. Сәуір айында мұндай компаниялардың өсімі  Алматы (+ 1,6%) және Шымкент (+ 1,3%) қалаларында байқалды.

Бөлісу:
Шағын компаниялардың қатары көбейіп келеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар