Аймақтар
1 мин оқу 541
229 атыраулық түлек «Алтын белгі» иегері атанды
<p style="text-align: justify;">Тағы бір буын үшін мектеппен қоштасар сәт жақындады. Бүгін өңірдегі 196 мектептің 129 500 оқушысы үшін оқу жылының аяқталғанын білдіретін соңғы қоңырау соғылды. Әрине, бұл шара онлайн режимде өтті. </p>

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, биыл 5 286 түлек мектепті бітіріп отыр. Олардың арасынан 11 жыл бойына үздік оқып, түрлі білім бәйгесінде жұлдызы жарқыраған 229 оқушы «Алтын белгіні» иеленеді. Ал 183 түлектің білімі «Үздік аттестатпен» бағаланбақ.
– Мектеп түлектеріне аттестат тапсыру шарасы 3-4 маусымда білім ұясының ашық алаңында өтеді. Оған тек түлектер ғана қатысады, -дейді облыстық білім басқармасының мамандары.
Бөлісу: