Қоғам
2 мин оқу 340

ХҚО-ға бару тәртібі бекітілді

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда ресми түрде төтенше жағдай тәртібі аяқталды. Бұған қарамастан, коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін көптеген аймақта карантин шаралары жалғасуда. &laquo;Азаматтарға арналған үкімет&raquo; корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтарына халықтың иін тіресіп жиналуына жол бермеу үшін, яғни вирустың жұғу қаупін азайту мақсатында бірқатар нақты шара қабылдады.</p>

ХҚО-ға бару тәртібі бекітілді

Жұртшылық ХҚО-да электронды форматта алу қарастырылмаған, «қағаз» жүзіндегі қызметтерді ғана ала алады. Бұл шамамен 100 мемлекеттік қызмет, оларды алу үшін мекемеге баруға тура келеді. Сондай-ақ egov.kz порталы арқылы онлайн түрде рәсім­дел­ген қызметтердің дайын нәти­жесін алуға болады. Орталыққа бару үшін ал­дын ала кезекті брондау міндетті.

Айта кету керек, өзгерістер тек Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мен облыс орталықтарында орналасқан ХҚО-ларға қатысты. Аудан орталықтарында және ауылды елді мекендерде орналасқан мекемелер бұрынғыдай жұмыс істей береді.

 Кезекке тапсырыс беру керек

Халыққа қызмет көрсету орталы­ғы­на барарда кезек уақытына тапсырыс беру үшін egov.kz электронды үкімет порталын, eGovKzBot 2.0 телеграм-ботын пайдалануға немесе 1414 нөміріне қоңырау шалуға болады. Бронь қызмет алушының ЖСН-ін тіркеу арқылы жасалады. Егер баратын уақытын алдын ала белгілемесе, кезекті сол жерде брондауға болады. Алайда қабылдау дәл сол уақытта болатынына кепілдік берілмейді.

egov.kz порталында қолжетімді барлық мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын қазақстандықтар үйінде отырып ала алады. Ол үшін электронды цифрлы қолтаңбасы болса болғаны. ЭЦҚ-ны да порталдан алу мүмкіндігі бар.

Кейбір қызметтерді ЭЦҚ-сыз, бір реттік құпиясөздің көмегімен де алуға мүмкіндік жасалған. Ол үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет. Қызметтерді онлайн алу бо­йынша сұрақ туындаса, 1414 номеріне немесе порталдағы виртуалды ассис­тентке хабарласқан жөн.

 Бейнеқоңырау бар

Азаматтарға арналған үкімет операторлары қазақстандықтарға egov.kz порталындағы бейне қоңырау арқылы тікелей кеңес бере алады. Ол үшін парақшаның оң жақ төменгі бұрышындағы «Виртуалды ассис­тент» батырмасын басып, ашылған терезеден бейнекамераның белгісін таңдайсыз. 

Сонымен қатар компьютері немесе интернетке шығу мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін ХҚО ғимараттарынан бөлек, 328 өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды. Олар аудандық әкім­дік­тердің ғимараттарында, оқу орындарында, медицина ұйым­дарында, сауда ойын-сауық орта­лықтарында және басқа да нысандарда орналасқан. Алдағы уақытта мұндай бұрыштар саны көбейеді. Үш санаттағы азаматтар – зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар электронды қыз­меттерді ХҚО-ның жеңілдік тере­зесі арқылы ала алады.

20 мамырдан бастап аймақтық штабтардың рұқсатымен 10 өңірдегі ХҚО мекемелері толығымен жұмыс істейді бастағанын айта кетейік. Бұлар: Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Сол­түстік Қазақстан және Павлодар облыс­тары. Ал Алматы, Шымкент, Атырау және Шығыс Қазақстан облыс­тарында ХҚО тек бизнес өкіл­де­ріне қызмет көрсетеді. Жамбыл облы­сын­дағы орталықтар жабық.

Бөлісу:
ХҚО-ға бару тәртібі бекітілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар