Әдебиет
3 мин оқу 390

Пулитцер сөресіндегі үш кітап

<p style="text-align: justify;">Жуырда журналистика мен әдебиеттегі, музыка мен театрдағы айтулы сыйлықтардың бірі &ndash; Пулитцер сыйлығының лауреаттары марапатталды. Өзекті әлеуметтік тақырыптарды көтерген, саяси айла-амалдардың астарын дәйекті деректермен нақтылаған терең зерттеулер мен қоғам келбетін айшықтаған әдеби шығармалар жүлделі орыннан көрінді. Осы орайда жанрлық сипаты мен көркемдік-идеялық ізденістері үшін әр жылдары Пулитцер сыйлығының иегері атанған үздік топтаманы назарға ұсынамыз. Тақырып аясы әрқилы әрі тартысты сипатымен ерекшеленетін бұл туындылар кімді болсын бейжай қалдырмасы анық.</p>

Колсон Уайтхед,

«Жерасты темір­жолы», 2017 жыл

Әлемнің бірнеше беделді марапа­тына ие болған роман бірқатар әде­биет­танушылар мен белгілі қоғам қай­раткерлерін таңғалдырған туынды болды. Романда Америкадағы құл­дық­қа қарсы күрес туралы баяндалады. Жазу­шы қиялды натурализммен, тарихи шындықты сол фантастикалық көркем әде­биетпен үйлестіреді. Ал тарихи деректер кең көлемді мысал түрінде берілген. Көркем туын­дыға Джорджиядағы мақта плантациясынан «Жерасты темір­жолы» арқылы солтүстікке қашатын Коре есім­ді қара нәсілді құлдың жанкешті тағ­дыры арқау болған. Бұл «Жерасты темір­жолы» – XVIII ғасыр­дың соңында Аме­рикада құлдарды құтқару және оларды оң­түстіктен бос штаттарға немесе Кана­даға шығару үшін жасалған құпия жолдар мен баспана жүйесі деп аталды. Шын­туай­тында бұл ешқандай жерасты да, темір жол да емес, метафоралық сипатта қол­да­нылған жал­пылама атау. Осылайша көз­ден таса жасырын жол арқылы сапарлаушылар бекеттер арасында «кондукторлар» деп аталатын көлікпен тасымалданады. Жан ұшыра қашқан Кора да осы бір бостандыққа апарар азапты темір жол бойында басын тәуекелге тігеді, өйт­кені артында құлдықтың қа­мыты мен өлім өкшелей қуып келе жатыр еді. Ал әйгілі «Ай жа­рығы» мен «Қымбатты ақ адамдар» сериа­лының режиссері Барри Джен­кинс жуық арада шы­ғарманы Amazon үшін экра­ни­зациялауға уәде берген болатын.

Вьет Тан Нгуен,

«Жан­ашыр»,  2016 жыл

2

Вьетнамдық профессордың бұл дебюті 2016 жылдың ең көп талқыланған романына айналды. Жиырмадан астам беделді басылымда «Жыл басылымы» болып танылып, халықаралық сыйлықтардың жеңімпазы атанды. Автор романды Сайгонның құлауының (соғыстың аяқ­талғанын білдіреді) қырық жылдығында жариялануы тегін емес. Өйткені Вьет­нам соғысының тарихына ресми, әдеттегі жаттанды көзқарас тұр­­ғысынан қараған болар деп ой­ласаңыз қателескен болар едіңіз. Көркем шығарманың өзегі болған кейіпкерлер галереясы алуан образға бай, мысалы, соңғы ұшақпен Америкаға қашып барып, Лос-Анджелесте аяқ суы­татын вьетнамдық генерал­дар­дың қайшылықты кезеңін алыңыз. Араларында өзінің кімге жақтасатынын ойлаған коммунистік шпион және бар. Адам мен қоғам арасындағы тартыс пен сабақтастықты тарихи фантастика арқылы суреттеген роман батыс өркение­тінің игіліктеріне тартылып жат­қан, дейтұрғанмен Шы­ғыс соғы­сы­ның қасіретін де ұмыт­паған «қос саналы» адам жайында сөз қозғайды. Өз кезегінде New York Times «Тамаша дебют! Бұл – трил­лер әрі әлеуметтік сатира», деп жазды.

Мэрилин Робинсон,

«Га­лаад», 2016 жыл

2

Американың бүгінгі жазу­шыларының арасындағы қа­дірлісі – Мэрилин Робинсон. Тың образдар тудырған жазушы бүгінге дейін төрт роман ұсынды, алғашқысы «Үй ша­руашылығы» болса, екіншісі осы «Галаад». Аттай 24 жыл өтсе де жа­зу­шы­ның жаңа мазмұнға лайық кө­терген тақырыптары тұғырынан тайған жоқ, жазу­шының қағаз бетіндегі тілегі мен аңсары тереңдікті із­деумен, тыныш өмір сүру­мен, ха­қиқат жарығымен ас­тасып жатты. Қарапайым адамдар тағ­дыры мен кіш­кентай қалалар Робинсон шы­ғарма­шылығын екпінді, тұтас жанды қозғалысқа толықтырды.

Романның бас кейіпкері Джон Эймс жаңа әлем­нің табал­дырығында тұр­ған жеті жасар ұлы­на ғасырлар то­ғы­сындағы әңгімені баян етеді. Бала­сы­ның ержеткенін көрмейтінін ойлап, өмірдің түрлі сынақтарында қол­дау көр­сете алмайтынын түсі­ніп, ұлына хат жазады. Үлкен жазушының қаламынан шық­қан бейнелер көрнекілігімен көз тартады, ішкі тол­ғаныстары арқы­лы шер­тілген өмір тыны­сын терең, жан-жақты сурет­тейтін шы­ғар­мада тұрақтылық, махаббат пен үміт сал­танат құрады.

Бөлісу:
Пулитцер сөресіндегі үш кітап · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар