Жаңалықтар
1 мин оқу 391

Әйелдер қауымының өкілдерімен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнін­дегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова жақында Алматы қаласының әйелдер қауымы өкілдерімен кездесті.

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнін­дегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова жақында Алматы қаласының әйелдер қауымы өкілдерімен кездесті.

Кездесуде Қазақстан Республикасындағы Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру, әйелдер мен жастардың жұмыспен қамтылуы, ерте мәжбүрлі некелер, рухани-адам­гершілік тәрбие, шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау, олардың кәсіпкерлігін дамыту, отбасы институтын нығайту, барлық әлеуметтік ортадағы, соның ішінде отба­сындағы зорлық-зомбылықты жою мәселелері талқыланды.

Еліміздің ірі мегаполисі – Алматыда 371 мыңнан аса әйел еңбек етуде, оның ішінде өнеркәсіп саласында 30 мыңға жуық, қаржы саласында 29 мыңнан астам, білім беру саласын­да 58 мыңнан астам, денсаулық сақтау және әлеу­меттік қызмет көрсету салаларында 29 мың­нан астам әйел еңбек етуде. Үкіметтік емес ұйым­дарда 150 мыңнан аса қызмет ететін нәзік жандылар бар.

Алматы қаласында биліктің шешім қабылдау деңге­йін­дегі әйелдер 22,6 пайызды құрайды. Міне, осы деректерден-ақ әйелдердің үлес салмағын анық көруге болады.

Кездесуде түйткілді мәселелерді шешудің жолдары қарастырылып, алдағы кезге міндеттер белгіленді.

«Егемен-ақпарат».

Бөлісу:
Әйелдер қауымының өкілдерімен кездесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар