Тарих
1 мин оқу 1,700

Сармат дәуіріндегі «Алтын әйел» бейнесі реконструкцияланды

<p style="text-align: justify;">Қазақ жерінің әр төбесі тылсым тарихтан сыр шертеді. Соның бір дәлеліндей, бұдан үш жыл бұрын жергілікті археологтер Қызылқоға ауданындағы қорғандарды қазу кезінде сармат дәуірінде өмір сүрген &laquo;алтын әйелдің&raquo; әшекей бұйымдарының бөлшектерін тапқан еді. Енді Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұжымы сармат дәуіріндегі &laquo;алтын әйел&raquo; бейнесін реконструкциялау эскизін ұсынып отыр.</p>

Сармат дәуіріндегі «Алтын әйел» бейнесі реконструкцияланды

– Алғашқы зерттеулер барысында қорғанда сармат дәуіріндегі бай әйел жер­ленген деп топшылауға негіз қаланды. Өйткені қорғаннан алтын жапсырмалар, керамикалық ыдыстар, қола мен металдан жасалған жебелердің ұштары, ат әб­зелдері, қабанның азу тісі, ыдыстардың аңдар фигурасы түріндегі тұтқасы секілді көне бұйымдар табылған еді, – дейді Аты­рау облыстық та­рихи-өлке­тану музейінің директоры Рашида Харипова.

2

Қорғаннан табылған көне жәдігерлер Алматыдағы ұлт­тық сараптама және серти­фи­каттау орталығына жібе­рі­ліпті. Мұнда «алтын әйел­­­­дің» жасына, әше­кей­лер­дің химия­лық құ­рамына зерттеулер жасалған. Сондай-ақ сурет­ші-реставратор Қырым Ал­тынбековтің жетекші­лігімен «Остров Крым» ғы­лыми-рес­таврациялау зертханасында «алтын әйел» бейнесін реставрациялау мен эскизін жасау жұмыстары жүргізілген.

– Құнды жәдігерлердің құрамы мен салмағы анық­талды. Кейбір әше­кейлердің алтыннан жасал­ғаны 91 па­йызға дәлелденді. Зерт­ха­­на­лық зерттеулерден кейін құнды жәдігерлер бі­здің дә­уірімізге дейінгі ІV ға­сыр­да өмір сүрген әйелдің бұ­йым­дары екені даусыз, – дейді Рашида Харипова.

АТЫРАУ

Бөлісу: