Шымкент қаласында коронавирус жұқтырған 69 адам тіркелді
<p style="text-align: justify;">ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша Шымкент қаласының 69 тұрғынынан COVID-19 вирусы табылды, олардың 33-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 18-і жоспарлы түрде ауруханаға жатқызылғанға дейін тексерілген, 18-і скрининг нәтіжесінде анықталған. Барлығы тиісінше жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған. </p>
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
25.05.2020 ж. қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 675 адам анықталды, оның ішінде 222 науқас жазылып шыққан.