Жол апаттарының себептері сан алуан
Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде болған дәстүрлі брифингте журналистер назарын аударған басты мәселе – жол қауіпсіздігі болды.
ОКҚ ресми өкілі Алтай Әбибуллаев апта ішінде болатын маңызды оқиғаларды айта келіп: «Жолдардағы қауіпсіздік қалай қамтамасыз етілуде, мемлекеттің осы саладағы жүргізіп отырған саясаты мен қағидаттары қандай?
Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде болған дәстүрлі брифингте журналистер назарын аударған басты мәселе – жол қауіпсіздігі болды.
ОКҚ ресми өкілі Алтай Әбибуллаев апта ішінде болатын маңызды оқиғаларды айта келіп: «Жолдардағы қауіпсіздік қалай қамтамасыз етілуде, мемлекеттің осы саладағы жүргізіп отырған саясаты мен қағидаттары қандай?Міне, осы сауалдарға жауап беру үшін орталарыңызға Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев келіп отыр», деп лауазым иесіне микрофон ұсынды.
Қазіргі күні бұл мәселе өте өзекті болып отыр, деп сөз бастаған ол соңғы 10 жыл ішінде жол-көлік апатынан 32 мыңнан астам адам қаза тапса, 168 мыңының түрлі деңгейде жарақаттанғанын жеткізді. Өткен жылы 14 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 3 мыңнан астам адам қаза тапса, 17,5 мың адам жарақат алды, деген вице-министр ағымдағы жылдың 8 айының ішінде ғана 13 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы орын алып, 1823 адам о дүниеге аттанғанын мәлім етті. Былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда жол-көлік оқиғалары 57 пайызға, мерт болғандар 4 пайызға, жарақат алғандар 65 пайызға артқан. Биылғы 8 айда жол полициясы 1 млн. 339 мың құқық бұзушылықтың жолын кесіп, көлікті мас күйінде басқарған 32 мың жүргізушіні құрықтады, деген министрдің орынбасары жол жүру ережесін өрескел бұзған 90 мың жаяу жүргіншіге айыппұл салынғанын да айтып өтті.
Қынжыла отыра цифрларды сөйлеткен министрдің орынбасары: «Талдау көрсетіп отырғандай, жол апатының жиілеуіне автокөліктер санының артуы теріс ықпал етіп отыр. Егер 2007 жылы еліміздегі автокөлік саны 2 млн. 671 мың болса, қазіргі уақытта олардың саны шамамен 4 миллионнан асты», деді. Екіншіден, көлік апатының артуына еліміздегі жолдардың параметрлерінің сәйкес келмеуі де кері әсерін тигізуде, деген вице-министр мысал ретінде Астана – Теміртау бағытындағы тас жолдың өткен ғасырдың 70-ші жылдарында салынып, онымен қазіргідей тәулігіне 3,5 мың көлік өтеді деген есеп болмағанын алға тартты. Қазір бұл жол өз мүмкіндігінен артық жүктемемен жұмыс істеуде. Жолдардың қазіргі уақыт өлшеміне сай келмеуі де жол-көлік оқиғаларының көбеюіне себеп болуда, деді вице-министр.
Е.Тұрғымбаев бұдан әрі осындай қоғамды алаңдататын мәселеде ІІМ тарапынан атқарылып жатқан істерді айтып өтті. Оның бастысы – заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Жол қозғалысы» туралы жаңа заң жобасы әзірленгені. Ол бойынша тасымалдаушылармен қатар, көлік иелеріне және жаяу жүргіншілерге де талап күшейтілетін көрінеді. Егер жүргінші бұрын қарсы жолаққа шығып кеткенде айып төлеп қана құтылса, енді 3 реттен артық осындай жолсыздыққа барған жүргізуші 6 айға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылатын болады.
Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».