Жаңалықтар
2 мин оқу 253

Біліктілік үздіксіз жетілдірілгенде ұтымды

Кеше Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «А» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру семинары өткізілді. Оның ашылуына арналған жиынды Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ғабидолла Әбдірахымов қысқаша сөз сөйлеп ашып, үш күнге белгіленген семинардың мәні мен маңызы туралы айтып берді.

«А» корпусы мемлекеттік қызметші­лері­нің кәсіби біліктілігін арттыру мақ­саты­мен мұндай семинар алғаш рет өткі­зіліп отыр. Ендігі жерде мұндай се­минар жыл сайын шақырылады. Өйт­ке­ні, білімді үздіксіз дамыту – өмір талабы. Ал өркениетке бет бұрған алпауыт ел­дердің бәрі де осы мәселеден сырт ай­налып өткен емес. Сондықтан біздің мемлекетке семинар өткізуге келген шет елдің белгілі сарапшылары 3 модульді бағыт бойынша (көшбасшылық, мемле­кет­тік органдардағы аудит, жобаларды басқару) дәріс оқиды. Алғашқы дәрісті Германиядағы Шпайер академиясының докторы Джулия Флейшер өткізеді. Ал бүгінгі семинарға мемлекеттік ор­гандардағы жауапты хатшылар қатысып отыр. Келешекте барлық аумақтардағы жергілікті билік өкілдері онлайн режімінде біліктіліктерін жетілдіретін болады деді Ғ. Әбдірахымов осы орайда.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы Әлихан Байменов өз кезегінде «А» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің саны 500-ден асқанын мәлімдеді. Сондай-ақ ол алдағы мерзімде барлық мемлекеттік қызметшілердің білімін жетілдіруге мән берілетінін ескертіп өтті. «Бұл өз кезегінде жаңа жобалардың сәтті іске асырылуына негіз қалайды. Семинарды өткізудегі түпкі мақсат та осы», деді ол.

Әмірхан АЛМАҒАНБЕТОВ,

«Егемен Қазақстан».

Бөлісу:
Біліктілік үздіксіз жетілдірілгенде ұтымды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар