Жаңалықтар
2 мин оқу 303

Ынтымақтастық арта түспек

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов Испания Корольдігі Үкіметінің Төрағасы Мариано Рахоймен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында тарап­тар сауда-экономикалық қыз­мет­тестіктің көкейкесті мәселелерін талқылады.

Мен Сіздің сапарыңыз екі­жақ­ты іс-қимылдарды одан әрі тереңдетуге жақсы серпін береді, деп ойлаймын.

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов Испания Корольдігі Үкіметінің Төрағасы Мариано Рахоймен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында тарап­тар сауда-экономикалық қыз­мет­тестіктің көкейкесті мәселелерін талқылады.

Мен Сіздің сапарыңыз екі­жақ­ты іс-қимылдарды одан әрі тереңдетуге жақсы серпін береді, деп ойлаймын.Біздің елдеріміздің арасында жақсы да тұрақты байланыстар қалыптасқан. Келісімшарттық және құқықтық база толығуда, тауар айналымы өсуде. Тек үстіміздегі жылдың бірінші жартысында ғана тауар айналымы екі есе өсті, деді С.Ахметов.

Өз кезегінде М.Рахой Қазақстан мен Испания арасындағы тамаша қарым-қатынастарды атап өтті. Оның пікірінше, оған біздің мемлекеттер басшылары арасындағы ұзақ жылғы достық та оң ықпалын тигізуде. Өзара тиімді әріптестіктің деңгейін жоғары бағалай отырып, М.Рахой бұдан әрі де жемісті ынтымақтастықтың жалғаса беретініне сенім білдірді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша, үкіметтер басшыларының қатысуымен бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды. Олардың ішінде «KAZNEX Invest» АҚ пен Испанияның экспорт және инвестициялар жөніндегі ICEX агенттігі арасындағы меморандум, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ пен «Grupo AGEM» компаниясы арасындағы машина жасау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум бар.

«Астананың жаңа көлік жүйесі» жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу жөніндегі келісімге «Астана LRT» ЖШС мен испандық «ТИПСА» компаниясының басшылары қол қойды.

Оның сыртында «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС мен «ROS­ROCAINDOXCryoEnergy» арасында бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге, Астана қаласында жел электр стансасын салу сала­сындағы ынтымақтастық туралы меморандумға, «Казинформ» АА мен Испанияның «EFE» ҰАА арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ мен Сан-Пабло университеті арасындағы ын­тымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бөлісу:
Ынтымақтастық арта түспек · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар