Жаңалықтар
1 мин оқу 221

Сенат бюросының отырысы

Кеше Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Парламент Сенатының бюро отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Кеше Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Парламент Сенатының бюро отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Бюрода Қазақстан Респуб­ли­касы мен Люксембург Ұлы­ Герцогтігінің үкіметтері ара­сын­да­ғы табыс және капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау мен салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және Конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы екі тараптың хаттамасын ратификациялау туралы заң жобасы Қаржы және бюджет комитетіне берілді.

Сондай-ақ, бюрода Қазақстан Респуб­ликасының кейбір заң­на­ма­лық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы­ заң жобасы Конституциялық заң­нама, сот жүйесі және құқық қор­ғау органдары комитетіне берілді.

Бөлісу:
Сенат бюросының отырысы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар