Жемқорлықпен күрес қарқынды
Кеше Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалық етуімен Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы болды.
Жемқорлық – қоғамның дамуына, экономиканың өркендеуіне тосқауыл қоятын қауіпті дерт. Біздің мақсатымыз мемлекеттік басқару органдарында сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу және оған қарсы белсенді күрес жүргізу болып табылады, деді отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы.
Кеше Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалық етуімен Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы болды.
Жемқорлық – қоғамның дамуына, экономиканың өркендеуіне тосқауыл қоятын қауіпті дерт. Біздің мақсатымыз мемлекеттік басқару органдарында сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу және оған қарсы белсенді күрес жүргізу болып табылады, деді отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы.Одан әрі М.Тәжин бұл отырыс барысында сот органдары саласындағы, сондай-ақ, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрес жұмыстары бойынша мәселе қаралатындығын жеткізді. Талқыланатын мәселелер өте маңызды, сондықтан бұл саланың бағытын, жолын айқындап алып, нақты іске кірісу қажет. Өйткені, сыбайлас жемқорлықпен күрес «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізінде мемлекеттің жаңа саяси бағытын іске асырудың маңызды шарты болып табылатыны белгілі.
Осыған орай, Мемлекеттік хатшы айтқандай, отырыста сот органдарының өз қатарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы іс-қимыл жасауы, сондай-ақ, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өңірлік жоспарларын іске асыру бойынша қабылдап отырған шаралар барысы талқыға салынды.
Сот органдары жұмысының сапасы құқықтық тәртіп жағдайының өзекті көрсеткіштерінің бірі болып табылады, ал сот шешімдерінің заңдылық тұрғысынан мінсіздігі мен әділеттілігі азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тиімділігін белгілейтіндігі анық. Осыған байланысты Мемлекет басшысы жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауларында сот жүйесін одан әрі жетілдіруге ерекше назар аударып келеді. Сөйтіп, елімізде сот қызметінің айқындылығын, судьялардың кәсіби жоғары деңгейі мен жауапкершілігін қамтамасыз ету қашанда басымдыққа ие болып отыр.
Бұдан кейін Комиссия Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары әкімдіктерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу барысындағы өңірлік жоспарларын іске асыру бойынша жұмыс қорытындыларын қарады. Бұл тұрғыда жергілікті атқарушы органдардың назары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша неғұрлым пәрменді шаралар қабылдау қажеттілігіне, бюджет қаражатының тиісті жұмсалуын бақылауға, басқарушылық шешімдерді қабылдау үдерісінің барынша айқындылығын қамтамасыз етуге және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды арттыруға бағытталды.
Отырыс барысында Жоғарғы Сот Төрағасы Бектас Бекназаровтың, Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың және Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбековтің, Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың, Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Аслан Мусиннің есептері тыңдалды.
Осылайша, Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысының нәтижелері бойынша аталған Комиссия мемлекеттік органдарға Елбасының қойған тапсырмалары мен міндеттерді орындауы бойынша нақты ұсыныстар беріп, қорытындылады.
Александр ТАСБОЛАТОВ,
«Егемен Қазақстан».