Аймақтар
1 мин оқу 160

Түркістан облысының полицейлері 27 қару тәркіледі

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қару&raquo; жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан облысы ПД әкімшілік полиция қызметкерлері заңсыз сақталған 27 қару мен 186 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, &ndash; деп хабарлайды Polisia.kz.</p>

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты атыс қаруын қолданумен байланысты қылмыстарды ашу, алдын алу, жолын кесу, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды заңсыз сақтаумен, дайындаумен айналысатын адамдар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау, сондай-ақ қару, оқ-дәрілерді және басқа да құқық бұзушылықтарды заңсыз сақтау және сату деректерін анықтау болып табылады.

«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысына сәйкес тәртіп сақшылары тіркелмеген 27 қару, оның ішінде 18 аңшылық мылтығы, бір травматикалық және бір газды тапанша алынды. Жеті аңшылық мылтығын тұрғындар ерікті түрде тапсырған.

Бөлісу:
Түркістан облысының полицейлері 27 қару тәркіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар