Біреудің баласын біреуге берген...
Масқара!
«Естімеген елде көп». Біреудің баласын біреуге тартып әпергенді кім көрген! Павлодар облысындағы Баянауыл ауданында тап осындай оқиға орын алыпты.
Масқара!
«Естімеген елде көп». Біреудің баласын біреуге тартып әпергенді кім көрген! Павлодар облысындағы Баянауыл ауданында тап осындай оқиға орын алыпты.
Таратып айтсақ, аталмыш аудандағы аурухананың бір акушер-гинекологі құжаттарды қолдан жасап, жаңа туған сәбиді анасынан тартып алып, облыс орталығында тұратын баласы жоқ отбасы мүшелерінің қолдарына ұстата салған. Павлодар облыстық соты баспасөз қызметінен келген мәліметке қарағанда, мұны жасаған 66 жастағы акушер босану туралы куәлікте нәрестенің биологиялық анасының аты-жөні орнына бөтен әйелдің есімін жазған.
«Былайша айтқанда, әлгі әйелге заң органдарына барып, жаңа туған сәбиді өз атына тіркеуіне мүмкіндік жасап берген», – дейді баспасөз қызметкерлері. Ал акушер әйелдің уәжі бойынша, шақалақты дүниеге әкелген ана оны керек етпеген, тіпті, түсік те жасатпақшы болған. Сол себепті, бұл осындай қылмысқа саналы түрде барған.
Жалған құжат жасаған дәрігерге қатысты қылмыстық іс қозғалған. Кейін сот шешімімен айыпкердің кінәсін мойындауы себепті қылмыстық іс тоқтатылған.
Мұрат АЙТҚОЖА.