Өнер
1 мин оқу 344

Шайқының домбырасы

<p style="text-align: justify;">Күй өнерінің классигі саналатын Тәттімбеттің немересі Шайқы Мұсатайұлы 1885 жылы Қарқаралы ауданына қарасты Мыржық тауының бауырындағы Мыңбұлақ қыстағында дүниеге келген.</p>

Шайқының домбырасы

Бұл кісі заманында жаңаша оқыған сауатты адам болыпты. Ел шежіресін жатқа білуімен қа­тар, күй тарихына қатысты мол мағ­­лұматтарды терең меңгерген. Атасы Тәттімбеттің қырықтан ас­там кү­йі­нің қалай шыққаны, оларды кім­дер­дің шерткені туралы Жақ­сым­бет пен әкесі Мұсатайдан жә­не басқа да білетін адамдардан есті­генін жадында берік сақтаған екен.

Шайқы Мұсатайұлы 1892-1897 жылдары Қарқаралы ауылшаруа­шылық мектебінде оқып, білім алыпты. Қарқаралы округіндегі Дастар елінде болыс болған деген де дерек бар.

Тектінің тұқымы 1928 жылы тәркіленіп, Семейге жер аударылған.  Кейінде, яғни 1966 жылы Қарқа­ралыға келген сапарында осы сурет­тегі домбырасын Тәттімбет күй­­лерін насихаттаушы, күй­ші, туыс­­қаны Тұрысбек Тү­сіпбековке беріпті. «Бұл дом­быраны қазіргі уа­қытта ел ас­танасында тұрып жат­қан Тұрысбек күйші 1980 жы­лы Қарқаралы мұра­жайына  тапсырған», дей­ді Қарқаралы тарихи-өлке­тану музейінің кіші ғылыми қызметкері Сәтбек Сламбеков.

Шайқы Мұсатайұлы 87 жасына қараған шағында Аягөз қа­ла­сында қайтыс болған.

Қарағанды облысы,

Қарқаралы қаласы

Бөлісу:
Шайқының домбырасы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар