Коронавирус
1 мин оқу 225

Елімізде коронавирус жұқтырған 58 науқас ауыр жағдайда жатыр

<p style="text-align: justify;">Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте елдегі коронавирус эпидемиясына қатысты мәлімет берді.</p>

«Кеше коронавирус жағдайына байланысты Үкіметте ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жалпы елімізде қазір 9300-ден астам адам коронавирус жұқтырған. Олардың жартысы, 4600-ден астамы індеттен емделіп шықты. Өкінішке қарай, 37 адам қайтыс болды. Қазіргі уақытта 4 653 науқас емделуде, олардың арасында 355 бала бар», деді Елжан Біртанов.

Оның айтуынша, науқастардың 85%-ының жағдайы жеңіл деңгейде. Олардың көбі симптомсыз тіркелген. Ал 13%, 543 науқас орташа жағдайда, 1,5%, 58 науқас ауыр жағдайда деп бағаланып отыр. 19 науқас өкпені жасанды желдетуге қосылған.

Бөлісу:
Елімізде коронавирус жұқтырған 58 науқас ауыр жағдайда жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар